«Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты зерттеу жұмысында қазіргі заманғы әлемде бар негізгі 10 сын-қатер анықталды.

«Екі күннің ішінде Астана экономикалық форумы Азия кеңістігінде, оның ішінде Қазақстан үшін өте құнды шараға айналып отыр. Біздің экономикалық зерттеулер институты 12-ші Астана Экономикалық форумының шеңберінде «Қазақстан және жаһандық әлем: сын қатерлер мен мүмкіндіктер» атты үлкен зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу жұмысы әлемдік деңгейдегі ең ірі ақыл-ой орталықтары мен бірнеше қорлардың бірлесуімен жүзеге асырылды. Бұл зерттеудің барысында біз әлемдік экономиканың өзекті мәселелеріне назар аудара отырып, оның ішінде Қазақстанның орнына ерекше тоқталдық», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры Айбол Арғынғазинов.

Зерттеу жұмысында жаһандық даму жағдайында Қазақстанның орны қандай болуы керек, қандай бағытта дамуы керек, Қазақстанның алдында қандай сын-қатерлер тұр және Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер бар деген сұрақтар қарастырылған.

«Қазіргі кездегі жаһандық экономикалық үрдістер, климаттық, технологиялық та үрдістер біздің өмірімізді өзгертіп қана қоймай, әлемді өзгерістерге ұшыратып отыр. Осы жағдайда Қазақстанға демографияға оның ішінде, сапалы адами капиталға, төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін қазіргі таңда ендіруге, тұрақты даму мақсатындағы әлеуметтік сапалы өсуге, жасыл энергия көздеріне баса аударуға бағыттады», - деді Айбол Арғынғазинов.

Сонымен қатар, Астана экономикалық форумының мәртебелі 15 спикері өздері келісімін бере отырып, Қазақстанға қандай бағытта даму керек деген сұрақтарға жауап іздеді.

Шолуда қазіргі заманғы әлемде бар негізгі сын-қатерлер анықталды:

  1. Халықаралық институттар рөлінің төмендеуі.
  2. Санкциялар және сауда соғыстары.
  3. Әлемдік экономикадағы өзгермелі протекционизм
  4. Жаңа «қаржы көпіршіктерінің» сын-қатерлері
  5. Мемлекеттік борыштың өсуі
  6. Өсу полюстерінің ауысуы.
  7. Технологиялық жарыс.
  8. Климаттың жаһандық өзгеруінің сын-қатерлері.
  9. Жаһандық теңсіздік.