Бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды.

Кеңеске ҚР-дағы ДДҰ Өңірлік офисінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы (ЮНФПА) қорының өкілдері және т. б. қатысты.

Кездесу барысында "Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына күдіктену және анықтау, тіркеу, жұмыс істеу және уәкілетті органға/қызметке жіберу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі" операциялық процедура стандартын (бұдан әрі - ОПС) әзірлеу бөлігінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы мәселелер қаралды.

Кеңеске қатысушылар ОПС әзірлеу және енгізу жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы бірауыздан шешім қабылдады. Жұмыс тобының құрамына ҚР-дағы ДДҰ-ның Өңірлік офисінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы (ЮНФПА) қорының және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері кіреді.

Айта кетсек, 2018 жылғы 5 қарашада ҚДСҰО мен ЮНИСЕФ-тің 2018-2020 жылдарға арналған "Балалар, жасөспірімдер және отбасы үшін теңдік және инклюзия" және "Балаларға мейірімді әлеуметтік орта" бірлескен жоспарына қол қойылды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

МОН РК:

«Продолжительность учебного года в 1 классах – 33 учебные недели, во 2-11 (12) классах – 34 учебные недели. Занятия, выпавшие на праздничные дни, переносятся на следующие дни с учетом интеграции содержания учебных программ за счет часов, отведенных на повторение»

Министр культуры и спорта Республики Казахстан Актоты Раимкулова:

«В каждом своем Послании народу Елбасы Нурсултан Назарбаев всегда говорил о том, что спорт имеет важное значение не только в жизни человека, но и всего общества. Как отметил Первый Президент, до 2020 года 30% населения Казахстана должны быть вовлечены в массовый спорт. Действительно, спорт сближает не только людей, но и укрепляет дружбу между целыми государствами. Мы должны помнить и об этом»

52 млн тонн нефти добыто в Казахстане

9 813 заявок одобрено на предоставление займа по программе «7-20-25»