Елімізде екі жылда 3 000 білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді меншікті тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Бағдарламаны іске қосылды. Оның ішінде 1500 медицина қызметкері қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам дәрігер меншікті тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау саласында 400 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Олардың арасында 170 мыңы мейірбикелер және 60 мың дәрігер бар. Баспана тапшылығы мәселесі де бар. Аталған бағдарлама өте маңызды. Республика бойынша 1 жарым мың медициналық қызметкерлер арендалық баспана алатын болады», - деді Елжан Біртанов.

Аталған бағдарлама одан әрі де жалғасатынын айтып өтті.

Айта кетсек, бағдарлама бойынша жалгерлік төлемнің орташа айлық құны республика бойынша орташа бағадан төмен болмақ.

«Жалақысын көтерсек, тұрғын үймен қамтысақ, біздің медициналық қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Ал бұл тікелей медициналық қызметтің сапасының артуын шешуге арналған шаралар», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша барлық медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілгеніне тоқталып өтті.

«Осы айдан бастап барлық дәрігерлер, мейірбикелер және медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көбейеді», - деді Біртанов.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов біріккен меморандумға қол қойды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!