Top.Mail.Ru

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы ұзындығы 4,4 мың шақырымнан асатын 14 жобаны жүзеге асырылады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Аталған жобаларға 18 мың адам мен 12 мың жуыққа техника жұмылдырылған.

«Жобаларға Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздері кіреді. Сонымен қатар, халықаралық дәліздер мен шекара маңындағы бағыттарға да басымдық беріледі. Оған Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы кіреді. Қазіргі уақытта мердігерлік шарттарға қол қойылып, дайындық жұмыстары жасалып жатыр», - деді «Казавтожол» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

Сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға инвестицияларды тарту бойынша да жұмыстар атқарылуда.

«Мемлекеттік емес қарыз есебінен мемлекеттік кепілдікпен Еуропалық қайта құру және даму банкімен және ҚХР ЭКСимБанкімен келісім жасалды», - деді Ұлан Әліпов.

Айтуынша, тартылған қаражаттың есебінен Талдықорған-Өскемен (763 км), Қалбатау-Майқапшағай (415 км), Меркі-Бурылбайтал (266 км), Астана қ.оңтүстік-батыс айналма жолы (34 км), Күрті-Бурылбайтал (143 км) учаскелерінде жұмыстар жүріп жатыр.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!