Биыл Ақмола облысында 148 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары 10 учаскеге бөлінген. Жалпы ұзындығы 148 шақырым автожолда 2 жол өтпесі, 2 су өткізгіш құбыр және 2 бағдаршам орнатылады. Компаниясының мәліметінше, бүгінде тегістеуші қабатты төсеу, су өткізгіш құбырларды орнату, жол жиегін бекіту мен жол белгілерін орнату жұмыстары бірнеше учаскеде жүргізіліп жатыр.

«Көкшетау - Атбасар» 102-158 км, «Көкшетау-Рузаевка» 20-40 км, «Макинск-Ақсу-Торғай» 0,95-22,95 км, «Макинск-Ақсу-Торғай» 203-214, 220-221 км, «Нұр-Сұлтан- Ерейментау-Шидерті» 130-162 км, «Нұр-Сұлтан қ. айналып өту» 9-22,9 км, «Нұр-Сұлтан - Петропавловск-Бурабай» 10-21 км, «Нұр-Сұлтан қ. айналып өту» 46,2-52 км, М-36 «(Екатеринбург) - Алматы» 1 232-1 246 км. Жоспар бойынша, осы маусымда жолшылар «Көкшетау қаласын айналып өту» 15 км мен «Көкшетау-Рузаевка» 9 км орналасқан 2 жол өтпесін жөндейді.

«Нысанда өтпелі плита, тосқауыл қоршау, деформациялық жіктер ауыстырылып, жол өтпесімен түйісетін жол жабынындағы кемшіліктер жойылады. Қазіргі таңда жол өтпесін орташа жөндеу жұмыстарының 60% аяқталған», делінген хабарламада.

Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы барлық жөндеу жұмыстары толық және уақытылы жүзеге асырылуда.