Елбасының тапсырмасы шеңберінде ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 285,7 мың отбасы немесе 1,4 миллион қазақстандық қамтылған, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«2019 жылы әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға көзделген қаражат көлемі 674 млрд.теңгеге өсіп, 3,3 трлн. теңгені құрады, оның ішінде 2,8 трлн. теңге зейнетақы мен жәрдемақылар төлеуге бағытталған», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінің қортындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Айтуынша, биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 285,7 мың отбасы немесе 1,4 миллион қазақстандық қамтылған.

«Оларға 78 млрд. теңге көлемінде қаражат төленді. Ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, оның мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 85 785 теңгені құрады.