«Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыруға алдағы үш жылға республикалық бюджеттен 90,0 млрд теңге, оның ішінде 2019 жылы 30,0 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Осы жылы 700 мыңға жуық адам тұратын 52 ауылдық елді мекен іріктелді. Басты назар ірі ауылдық елді мекендерге – яғни халықтың көп саны бар аудан орталықтарына аударылды, сол жердегі өткір инфрақұрылымдық проблемаларды тез арада шешуге. 1 аудан орталығын қаржыландырудың көлемі орта есеппен 670 млн теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға 4,5 млрд теңге немесе жалпы соманың 15,8% бағытталды», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов.

Қоса қаржыландырудың айтарлықтай көп үлесі Атырау – 84%, Қарағанды – 32%, Ақтөбе облысында – 20%, Алматы облысында – 16% көзделген.

Бұдан басқа, аумақтарда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде бөлінетін жүйе құрайтын ірі кәсіпорындардың бюджеттен тыс қаражаттары, ауыл инфрақұрылымдарын жаңғыртуға тартылмақ. Мәселен, мұндай жобалар меценаттар мен демеушілердің қолдауымен Алматы облысының Жыланды ауылында, Ақмола облысының Родина ауылында, Солтүстік Қазақстан облысының Новоникольское ауылында, Қызылорда облысының Нағи Ильясов ауылында және басқа ауылдарда іске асырылды.

Айта кетсек, 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында Елбасы ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту және ауылдық жерлерде еңбек идеологиясын ілгерілету бойынша міндет қойды, оған қол жеткізу үшін «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырған болатын.