Биыл орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдар саны көбейеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша ауылды жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті ауылдар саны бойынша 62%-ға дейін, ал тұрғындар саны бойынша 88%- ға дейін арттыру, ал қалалық жерлердегі тұрғындардың 97%-ын қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетұлы.

Айта кетсек, халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жеделдету мақсатында «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы міндеттеген тапсырма бойынша биылдан бастап қосымша 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы жыл сайын 20 млрд. теңгеден беріліп тұрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 15 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 5 млрд теңге бөлінеді.

«2019 жылы республикалық бюджеттен 411 жобаны іске асыру үшін 126,5 млрд.теңге бөлу қарастырылған (ауылдық жерлерде – 71,5 млрд. теңгеге 325 жоба, қалалық жерлерде – 55 млрд. теңгеге 86 жоба), бұл 2018 жылмен салыстырғанда 33%- ға артық», - деді Мархабат Жайымбетұлы.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай ауылды жерлердің 80%-ын немесе ауыл тұрғындарының 95%-ын және қалалық жерлерді 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Глава государства Касым-Жомарт Токаев:

"Весь Казахстан поможет Арыси, будет открыт специальный фонд. Я благодарю общественность города, ветеранов, они работают с населением. Надо разобраться в причинах взрыва, почему это произошло. Уголовное дело открыто, начато расследование. Если есть виновные, то они понесут ответственность по всей строгости закона. В дальнейшем город Арысь должен быть полностью очищен от всякого рода взрывных устройств"

Министр труда и социальной защиты населения Бердибек Сапарбаев:

«С прошлого года изменилась методика определения пенсии. Очень много было жалоб на то, что стаж не влияет на размер пенсии. С учетом просьб населения механизм определения базовой пенсии изменился. У нас 2,1 млн пенсионеров, у них базовая пенсия выросла на 80%. В целом за прошлый год пенсия выросла на 23%»

90,2 % населения обеспеченодоступом к питьевой воде в Казахстане - МИИР РК

6 тыс. квартир будут выделять для многодетных семей в Казахстане ежегодно