Бүгін жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтіп, онда білім және ғылым саласындағы барлық жинақталған сұрақтар мен идеялар пленарлық жиналыста мемлекет басшысының қатысуымен талқыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Тамыз кеңесін қатысуы - білім саласы үшін үлкен абырой және үлкен қолдау. Бүгін біраз мәселелерді талқыладық. Дәстүр бойынша келер жылы қандай өзгерістер болады, жаңашылдықтар болады деген сияқты мәселелер талқыланды",- деді министр.

Айтуынша, биыл жаңа оқу жылына енгізілген үлкен реформалар жоқ.

«Жалпы, білім салсына биыл енгізілген нәрселер бұрыннан айтылып келе жатқан, көптен бері күтілген, жақсы жаңалықтар деп те айтуға болады»,- деді өз сөзінде.