Астана экономикалық форумынына биыл бірнеше жаңа бастамалар енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Күн тәртібінде көзделген «Қазақстан және жаһандық әлем: мүмкіндіктер мен сын-тәуекелдер» зерттеуіне тоқталғым келеді. Астана экономикалық форумының тарихында бірінші рет қолға аланып отыр. Бұл зерттеудің басты ерекшелігі отандық экономистермен қатар жаһандық деңгейдегі үлкен ақыл –ой орталықтары, Нобель сыйлығының лауреаттары және басқа да форумның спикерлерінің барлығы осы зерттеуге тікелей қатысып, қазіргі кездегі жаһандық саясат пен әлемдік экономика қай бағытта даму үстінде, осы жағдайда Қазақстанға қандай жолмен жүру керек, қандай бағыттарды таңдау керек деген сұрақтарға жауап іздеген болатын», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры Айбол Арғынғазинов.

Айтуынша, «Қазақстан және жаһандық әлем: мүмкіндіктер мен сын-тәуекелдер» зерттеуіне Экономикалық зерттеулер ұйымының барлық сарапшылары қатысқан.

«Бізде тек халықаралық бағдар ғана емес, Қазақстанның да өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, бірінші рет осындай іргелі, тың жаңалық ретінде біз осы зерттеуді Астана экономикалық форумында ұсынатын боламыз», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, биылғы жылғы форумның ерекшелігін де атап өтті. Биылғы форумның соңында Астана экономикалық форумының негізгі мақсаттарын, ұсыныстарын талқылайтын қорытынды дискуссия өткізуді жоспарлап отыр.