4-5 шілдеде Бурабай курорт аймағында энергетика саласының барлық мүдделі қатысушыларының басын қосатын «Solar Fest Qazaqstan» іскерлік фестивалі өтеді.

«Solar Fest Qazaqstan» – жаңғырмалы энергетика саласының барлық мүдделі қатысушыларын жинайтын халықаралық іскерлік фестиваль. «Іскерлік қарым-қатынас форматы «Rixos Borovoe» шипажайының ашық жасыл алаңында салалық тимбилдинг «no tie sessions» – галстуксіз кездесулер түрінде өткізу ұсынылады», - деп атап өтті «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы-директорлар кеңесінің мүшесі Калия Хисамидинова.

«Solar Fest Qazaqstan» кездесулері мен пікірталастарының қорытындысы ретінде Хартия – салалық қауымдастық атынан ҚР Үкіметіне үндеу қабылданады.

Құжат сарапшылар мен нарық қатысушыларының қазіргі ұстанымын белгілейді, таяу жылдары және келешекте ұзақ мерзімді даму перспективасында Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту мәселелері бойынша олардың пайымдауын ұсынады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, Жаңғырмалы энергия көздерін соңғы жылдар ішінде Қазақстан энергетикалық кешенді дамыту векторларының бірі ретінде қарыстырауда. ЖЭК секторын дамытудың нақты нысаналы индикаторлары қабылданды. Осылайша электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 2020 жылға қарай - 3%, 2025 жылға қарай - 6%, 2030 жылға қарай - 10%, 2050 жылға қарай ЖЭК және баламалы энергия көздеріне барлық жиынтық энергия тұтынудың кемінде жартысына жетуі тиіс.