Бағаларды реттеу қағидаларын бұзушылық үшін айыппұл түрінде немесе фармацевтикалық қызмет лицензиясының қолданылуын тоқтату түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ДЗҰСО бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов мәлімеді.

«Реттеу енгізу дәрілерге қойылған бағалардың өңірлік және маусымдық ауытқуларын жоюға мүмкіндік береді, барлық дәріханаларда медициналық препараттар мемлекет белгілеген шекті бағалардан асырмай сатылады. Бүгінгі таңда бөлшек саудадағы үстеме бағалардың ыңғайлы регрессиялық жүйесі әзірленген», - деді Қанат Ержанов.

Дәрілік препараттарға шекті бағалар жылына екі мәрте белгіленеді. Қазақстан аумағында дәрілік заттар бағаларын реттеу өкілеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бекітілген.

Айта кетсек, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылғы сәуірден бастап дәрілік заттар бағаларына мемлекеттік реттеу енгізілген болатын.