Экономика

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкі бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ұлттық банк мәліметінше, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама аясы