Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның ірі өндіріс ошақтарының жасыл рейтинг бойынша 2018 жылғы қортындысын шығару» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.

«2018 жылдың шілдесінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, Интерфакс-ЭРА агенттігімен және Халықаралық Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум қазақстандық бизнестің экологиялық және энергетикалық жауапкершілік рейтингтерін және Қазақстан аймақтарының экологиялық рейтінгін құру, рейтингті дәріптеу мақсатында ақпараттық іс-шаралар ұымдастыру, ашық экологиялық ақпараттың өзектілігі, бизнестің экологияға әсері туралы аналитикалық есептерді әзірлеу мен қоршаған ортаны жақсарту механизмдерін іздеу мақсатында жүзеге асырылып келеді», - деді «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы Айгуль Соловьева.

Жалпы алғанда 6000 ресейлік және қазақстандық компаниялар мен кәсіпорындар өндіріс процестерінің энергия қорлары сәйкестігімен ерекшеленетін 11 негізгі компаниялар топтары бойынша үйлестірілді. Ал Қазақстаннан 200-ден астам компания қатысқан.

Айтуынша, бұл әдіснамалық негізде Ресей мен Қазақстан компаниялары үшін іргелі тиімділіктің 11 салалық рейтингі жасалды.