«Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасының аясында 85 әлеуметтік нысандарды жарықтандыру бойынша энергия тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жоғары энергетикалық қарқындылық елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігі, денсаулық сақтау және қоршаған орта үшін елеулі шығындарға алып келеді. Осы жобаның көмегімен экономикалық тиімді модернизациялау әкімдіктерге көміртегі шығарындыларын азайтуға байланысты ауа сапасын жақсартуға көмектесетінін, сондай-ақ энергия шығынын төмендету арқылы бюджетке айтарлықтай үнемдеуді көрсетуге тырысамыз», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетсек, аталған төрт жылдық жобаны Дүниежүзілік банк пен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, Ато Браун қазіргі уақытта 50 мыңнан астам бала мен сол әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері өз қызметін жылыту, сумен жабдықтау және жарықтандыру жүйесі жақсартылған қолайлы жағдайда жұмыс істейтінін айтып өтті.