ҚР Премьер-Министрі орталық және жергілікті органдарының штаттық санын және шығыстарын оңтайландыру туралы өкімін бекітті.

Бұл тапсырма бір неше кезенімен іске асыруда және жұмыс екі жылдың ішінде жүргізіледі.

«Оны қабылдаған сәттен бір айдай ғана уақыт өтті, сондықтан қазіргі біздің мақсатымыз осы бұйрықтың мазмұнын түсіндіру болып табылады. Оның жүзеге асырылуынан негізгі күтілетін нәтиже - ықшам және халыққа бағдарланған мемлекеттік аппараттың құрылысы. Бұл үшін мынадай шаралар ықпал етеді. Біріншісі - орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, сондай-ақ оларға қарайтын ұйымдарда кадрларды оңтайландыру. Бұл ауқымды жұмыстар жарты жылға жоспарланған», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында «сапа» мемлекеттік қызметшінің жаңа өмір салты болуы керек екенін және өзін-өзі жетілдіру басты қағидаты болуы керек екенін атап өткен болатын.

Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметіндегі бюрократияны қысқарту міндеттелді. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айгүл Шайымованың айтуынша, екінші міндет - әлеуметтік мәні бар объектілер болып табылмайтын жаңа кәсіпорындар құру туралы мораторий жариялаумен басталатын ұйымдарды оңтайландыру.

«Қазір Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 25 мың ұйымның жартысынан көбі - мектептер мен ауруханалар және олар консолидациядан өтпейді. Бұл рәсім әлеуметтік салаға қатысы жоқ 1500-ден астам ұйымға қатысты. Мұнда мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады»,- деп айтып өтті.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Премьер-министр РК Аскар Мамин:

"Правительство Казахстана полностью поддерживает ООН по вопросам качества, равенства экологии мира и справедливости в мире. Большинство целей устойчивого развития (ЦУР) очень тесно переплетены с наиболее важной государственной стратегией. В данный момент более 80% индикаторов ЦУР отражены в государственных планах и стратегиях развития образования, социального развития, здравоохранения и прочих сферах. За 20 лет ВВП Казахстана вырос с 1,1 практически до 10 тысяч долларов"

Министр сельского хозяйства РК Сапархан Омаров:

"Утверждена также отраслевая программа сельского хозяйства, главными задачами которой являются автоматизация мер господдержки, реализация точечных проектов, создание системы взаимодействия IT-сообщества с субъектами АПК. Мы рассматриваем цифровизацию в качестве инструмента для решения задач фермеров. Она дает доступ к агрономической рыночной информации, а также заемному торговому финансированию"

36,4 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

500 сотрудников полиции задействуют во время выпускных вечеров в столице