«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ағымдағы жылы жаңа жобаны іске қосады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Биыл Smart Bridge жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектор арасындағы ақпараттық жүйелерді оңтайландырудың жеңілдетілген процесі, сондай-ақ back платформа базасында Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жүйелік-техникалық сүйемелдеу», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Ішкі және сыртқы жүйелер үшін деректердің тұтастығын қамтамасыз ету, алмасу және бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелеріне және деректер базаларына бірыңғай платформа құруғ сонымен қатар, интеграцияның ұйымдастырушылық процедураларын жеңілдету мақсатында құрылмақ.

«Интеграция уақытын 3 айдан 1 айға дейін қысқарту, яғни, әзірлеу, бекіту, мақұлдау, ұзақ мерзімді бюджеттік процесс, мемлекеттік қызметшілермен келісу, нормативтік құқықтық актілерге, бюрократиялық рәсімдерге көшу, ұйымдастыру мәселелерін шешу және техникалық құжаттамалардың санын қысқарту, тиісінше мақұлдау уақытын қысқартуға қызмет ететін болады», - деп атап өтті.