Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік органдардың, қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына 200 миллион теңге көлемінде бір күндік жалақыларын жіберді. «Нұр Отан» партиясының мүшелері белсенді түрде көмек көрсетеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов басқарған жұмыс тобы Арыс қаласына құрылысшылар мен басқа да мамандармен бірге, Түркістандағы әріптестерімен бірге тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге көмектесетінін де айтты. Ол жерлерде инженерлік мамандар бірден жұмыс істей бастайтын алаңда шатырлы лагерь орнатылады.

«Арыс. Біз біргеміз!» жалпыреспубликалық акциясы аясында қалада гуманитарлық көмек алудың, зардап шеккендер үшін аса қажет нәрселер қабылдайтын 5 пункті ашық», -деді өз сөзінде.

Үш күн ішінде елорда тұрғындары мен бизнесмендерінен 160 тонна өнім жиналып, зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік пен негізгі қажеттіліктермен «Нұр-Сұлтан қаласы Арыспен Бірге» 8 жүк көлігінен тұратын керуен жіберілген.