6 мамыр күні сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» іс-шарасы өтеді.

Оған Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебі мен астаналық колледждер оқушылары, II Дүниежүзілік соғысты зерттеуші-ғалымдар қатысады. Олардың арасында Шоқан Уәлиханов атындағы тарих пен этнология институты директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес, Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Жазира Хасенова мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы, PhD Аслан Дыбысбекұлы сынды ғалымдар бар.

Іс-шара аясында соғыс оқиғасын үзінділеген «Тройной прыжок пантеры» (Пантераның үш айнала қарғуы), «Они сражались за Родину» (Олар отан үшін шайқасты), «Гу-Га», «28 панфиловцев» (28 панфиловшілер) көркем фильмдері көрсетіледі.

Сондай-ақ, іс-шара барысында жауға қарсы тойтарыс берудегі қазақ елінің үлесі мен майдан даласында ерен ерлік көрсеткен батырлар турасында жастар мен аға буынның арасында ойталқы өтеді.