Еxit poll нәтижиесі бойынша сайлаушылардың 70,13 проценті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова Орталық коммуникациялар қызметіне жариялады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Қоғамдық пікір» институты бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға әлеуметтік зерттеу Exit poll жүргізді. Сұхбаттасушылар 325 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізді. Оның ішінде облыс орталықтыры мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ал ауыл округтерінде 134 учаске қамтылды», - деп мәлімдеді Айнұр Мәжитова.

Сауалнама жүргізу жұмысына 350-ден астам интервьюер қатысқан.

"Exit-poll нәтижесі келесідей: Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз, Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз, Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз, Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз, Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз, Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз, Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс жинады", - деп хабарлады «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы.

Айта кетсек, Қазақстан Республкасының сайлауы туралы заңының 28 бабына сәйкес "Қоғамдық пікір" институты Орталық Сайлау комиссиясының Еxit poll-ды қоса алғанда сайлауалды әлеуметтік сауалнама жүргізу ниеті туралы хабардар еткен болатын. Еxit poll әлеуметтік емес, үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Ел тірегі" заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша орындалды. Сауалнамаға қатысушылар "Айтыңызшы, Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауында қай кандидатқа дауыс бердіңіз?" деген сауалға жауап берді.

Айнұр Мәжитованың айтуынша, таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін сауалнаманың 6 толқыны өтті. Нәтижесінде, 13 мың 200 сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Ал іріктеме қателігі шамамен 3 пайызды құрайды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!