Батыс Қазақстанның 4 аймағының туроператорларынан құралған топтың қатысуымен алғашқы ақпараттық тур өткізілуде, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік потенциалы туралы хабардар ету мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда ақпараттық турлар циклін ұйымдастырылады.

«20-30 мамыр аралығында Батыс Қазақстанның 4 аймағының туроператорларынан құралған топтың қатысуымен алғашқы ақпараттық сапар барысында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік орындарына барады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ оқиғалық жобалар мен іс-шаралар департаментінің директоры Гауһар Жеңісбек.

Өңірлердегі туристік және санаторлық-курорттық нысандарды қамитын он күндік ақпараттық тур, қазақстандық туристік компанияларды еліміздің аумағы бойынша туристік өнімдерді қалыптастырып, оларды халық арасында насихаттау үшін ынталандыруға бағытталған.

«Аталған ақпараттық турлар әрі қарай өз жалғасын тауып, еліміздің шығысындағы туристік компанияларға Батыс Қазақстан мен басқа өңірлер көрсетіледі, ал оңтүстіктегілерге – еліміздің солтүстігі, солтүстіктегілерге – оңтүстігі көрсетілетін болады», - деді .

Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы орналастыру орындарының қызметін 4,6 миллионнан астам ішкі туристер пайдаланған болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Бұл өсу үрдісі 2016 жылдан бері жалғасып келеді және ел ішінде саяхаттау халық арасында кеңінен танымал болып келе жатқанын растайды.