ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында қауіпсіздік сертификатын орнатпағандар үшін интернет қолжетімділігі нашарлай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Байланыс сапасына келетін болсақ, біз қауіпсіздік сертификатына байланысты жабдықтарды қалыпқа келтіру жұмыстары басталғаннан кейін, интернет қол жетімділігінде кейбір проблемалар болуы мүмкін деген ақпаратты дереу орналастырдық, бірақ олар уақытша сипатқа ие. Өзіме келетін болсам, мен сертификатты орнаттым, ешқандай қиындық туындаған жоқ», - деді министр.

Сонымен қатар Асқар Жұмағалиев қандай да бір сұрақ туындаса, Мемлекеттік техникалық қызметке хабарласуға кеңес берді.

«Менің ойымша, Мемлекеттік техникалық қызметке жүгіну керек, сонда туындаған сұрақтар шешімін табады», - деді ол.