Қажылық маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабаралайды ortcom.kz тілшісі.

«Биыл 3200 адам аттанғалы жатыр, солардың аман-сен барып келуі үшін оларға қолдау көрсету үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан арнайы миссия құрылды. Ол миссияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылық құрамы, білікті имамдар, дәрігерлер, БАҚ өкілдері бар. Миссия өкілдері қажылыққа барып келуге барынша қолдау көрсететін болады»,- деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Утпенов.

Айтуынша, миссия өз кезегінде қажылыққа барған кезде де уағыз-насихаттар айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Ал миссияны төрағасы, Бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев басқарып барады.

«Қажылықтың да өз қиыншылықтары болады. Сондықтан оған рухани дайындалуымыз керек»,- деді ол.

Сонымен қатар, қажылықтың қандай шарттары бар, қанша парызы бар, қанша уәжіптері мен сүннеттері бар екендігі туралы еліміздегі 500-ге жуық мешітте арнайы қажылыққа дайындау семинарлары ұйымдастырылған.