Top.Mail.Ru

18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар республикалық «Жастар кадрлық резервінің» байқауына қатыса алады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Жоба бірнеше кезең бойынша жүзеге асады. Байқауға қатысушыларды тіркеу, іріктеу, бетпе-бет тілдесу, білім беру кезеңі және тағылымдамадан өту», - деді «Jas Otan» жастар қанатының Төрағасы Дәулет Кәрібек.

Жобаның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін қазіргі заманғы, тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру.

«Жоба қорытындысы бойынша еліміздің әр аймағынан 3 адамнан 51 жас іріктеледі. 34 адам ҚР Парламентінде, 17 адам орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді», - деп айтып өтті.

Спикердің айтуынша, байқауға 18-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтінімдер www.jastar-rezerv.kz сайты арқылы 2019 жылдың 26 шілдесінен 5 қыркүйеке дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және бизнес саласы өкілдері кіретін арнайы комиссиялар жүзеге асырады.

Айта кетсек, 10 жыл ішінде жобаға 15 000-нан астам жас қатысқан. Олардың 468-сі конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқу модулдерінен, ҚР Парламентінен, ұлттық компаниялардан, орталық мемлекеттік органдардан іс-тәжірибеден өткен.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!