Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға 30 579 өтініш қабылданып, тестілеуге 28 131 адам қатысқан. Бұл тестілеуге өтініш берген азаматтардың 92%-ын құрайды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Кешенді тестілеу кезінде 217 аудитория пайдаланылды. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының сигналдарын басу және бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілді», - деді ҚР Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а Дидар Смағұлов.

Айтуынша, тестілеу нәтижесі бойынша 12 853 үміткер немесе тестілеуге қатысушылардың 45,7%-ы мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін шекті балл кемінде 75 балды, ақылы негізде қабылдау үшін - кемінде 50 балды құрайды. Бөлімдер бойынша: шет тілі бойынша - кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден - кемінде 7 балл, әр бейінді пәннен - кемінде 7 балл.

Ал оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін шекті балл кемінде 50 балл, ақылы негізде қабылдау үшін – кемінде 25 балл. Бөлімдер бойынша: оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, әр бейінді пәннен - кемінде 7 балл.

Айта кетсек, 2019 жылғы 10-15 тамыз аралығында 27 пунктте магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу өткен болатын.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев:

"Казахстан уже в ближайшем будущем может стать одним из наиболее привлекательных мест для зарубежных и отечественных туристов, а также одним из мировых центров этнотуризма. Необходимо обеспечить информационную доступность туристического потенциала Казахстана с помощью креативных и инновационных решений"

Министр информации и общественного развития Даурен Абаев:

"Наша страна - молодое государство на карте мира. Наш народ имеет глубокую историю полную как славных, так и трагических страниц. На этой земле создавались и рушились кочевые империи. Наша культура берет корни на скальных рисунках Тамгалы и в зверином стиле сакских племен. Живут в мире и согласии представители свыше 100 этносов самых разных конфессий и религий. Уверен, что участники нашего форума, посетившие самые разные регионы страны смогли в этом убедиться. Мы хотим, чтобы туристы со всего мира смогли оценить красоту казахской земли"

250 школ и около 200 больниц в отдаленных сельских населенных пунктах подключили к высокоскоростному Интернету

2 млн 30 тысяч заявлений по регистрации недвижимости зарегистрировано в РК за год