Маңғыстауда мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасы іске асырылмақ. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарға есеп беру кезінде мәлім етті.

Облыстық жұмыс тобы құрылды, онда бірқатар ұсыныстар дайындалды, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды. Бірінші-ағымдағы жылдың 2 тоқсанынан бастап көп балалы аз қамтылған отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Екінші–мүгедектерге, жетім балаларға және көп балалы аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін құру үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін гранттар беріледі.Үшіншісі-мүгедек балаларға оңалту орталықтарында қаралуын толық қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік негізінде бір реттік оңалту курсы беріледі. Алайда, кейбір балаларға 2-ші , 3-ші оңалту курсын жүргізу қажеттілігі бар. Осыған байланысты, аз қамтылған отбасылардың мүгедек балалары үшін 2-ші оңалту курсын бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Төртіншіден- бүгінде квота бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасынан емдеу және оңалту іс-шараларын өту үшін республикалық орталықтарға бару үшін мүгедек бала мен ата-анасының бір реттік темір жол жолақысы қарастырылған. Маңғыстау облысы орталық өңірге алшақ орналасқандықтан, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша мүгедек баламената-анасының біреуінің ілесіп жүруін қосқанда екі жаққа да авиакөлікпен жол жүру құнын Астана және Алматы қалаларына төлеу туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, республикалық клиникаларда және облыс орталықтарында Денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек алу кезінде аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына темір жол көлігімен жол жүру шығындары өтелетін болады.

Бесінші–қолданыстағы балабақшалар базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылады. Алтыншы-жәрдемақы алуға, тұрғын үй төлемдерін алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үйге кезекке тұруға, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге заңгерлік және консультациялық көмек көрсету үшін наурыз айынан бастап, "Бірыңғай әлеуметтік терезе" орталығы жұмыс істейтін болады. Бұл "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында болады.

Жетінші - Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Ақтау қаласының қоғамдық көлігінде және «Ақтау - Мұнайлы ауданы» бағыты бойынша ауданаралық көлік қатынасында, тамыздан бастап Жаңаөзен қаласының қоғамдық көліктерінде көп балалы аналар тегін жүреді.

Бүгінгі таңда өңірде 28 млрд. теңге сомасында халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдаудың 20 түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 867 аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2019 жылға атаулы әлеуметтік көмекпен 2 095 отбасын қамту жоспарлануда. Бұдан басқа, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға зейнетақы 7%-ға өсті.