Top.Mail.Ru

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп формасын қалай таңдау қажет екендігі туралы кеңес берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Бала білім беру ұйымында ұзақ уақыт бойы болатындықтан, бала терісінің дем алуы үшін және аллергиялық реакцияларды тудырмау үшін ең жақсы гигиеналық қасиеттерге ие табиғи талшықтардан жасалған (жүн, мақта, зығыр, жібек) және вискоза маталарды таңдау ұсынылады.

«Матаның құрамы киімнің жоғарғы қабаты кемінде 35 % табиғи талшықтан немесе вискозадан, астары екінші қабат ретінде 100% табиғи талшықтан немесе вискозадан тұруы керек, ал көйлектер мен жейделер кемінде 65% табиғи талшықтан немесе вискозадан тұруы тиіс»,- деді Ж. Бекшин.

Сондай-ақ мектеп формасының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін ауа өткізгіштік, электростатикалық өрістің кернеулігі және бояудың тұрақтылығы сияқты өлшемшарттар бар.

«Міндетті түрде ауыстыратын аяқ киім алу керек. Тиімдісі - табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар. Табаны қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін икемді болуы тиіс, бастауыш сынып оқушылары үшін – ортопедиялық табан, жоғары сынып оқушылары үшін – биік емес орнықты өкшесі яғни, 35 мм болуы тиіс. Үнемі өкшесіз аяқ киімді кию майтабанға және омыртқа аралық жарықтың пайда болуына алып келеді»,- деді Бекшин.

Сондай-ақ, дене шынықтырумен айналысуға арналған аяқ киімді маусымға, ауа райына және сабақ өткізілетін орынға байланысты таңдау қажет екенін де айтып өтті.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!