21 мамырында сағат 11-00де пилоттық «Мектептегі білім беру үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу» туралы пилоттық жобаға қатысқан (opiq.kz) мұғалімдер мен оқушыларды марапаттау рәсімі өтеді.

Байқауды өткізу туралы 2019 жылдың ақпан айында хабарланды.Еліміздің 6 облысында(Нұр-Сұлтан,Алматы қалалары мен Алматы,Жамбыл, Қарағанды,Түркістан облыстарынан) 12 мектепте апробация жүргізілді. Байқау кезеңінде мектеп басшылығы, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қауымы opiq.kz платформасындағы электрондық оқулықтарды(информатика, математика, литературное чтение) сынақтан өткізді. Пилоттық жобаға 3,6 және 8 сынып оқушылары қатысты.

Байқауға 350 үміткер қатысуда, қорытынды бойынша «Цифрлық технологияны жақсы меңгерген Үздік оқушы», «Инновациялық оқыту идеясын қолдаушы Үздік мектеп басшысы» аталымдары бойынша марапатталады. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсіміне «Алматыкітап баспасының» президенті Гаухар Саймасаева, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тахир Балықбаев, EDTECH.KZ халықаралық білім беру орталығының Бас директоры Ғани Бейсембаев, ЮНЕСКО мектептерінің ұлттық координаторы Леонид Ким қатысады.

Байқау жеңімпаздары:

Бас жүлде – Айман Рыспаева (№79 мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қ.); 1-ші орын – Гульмера Розиева (№ 110 мектеп- гимназиясы, Алматы қ.); 2-ші орын – Елена Мартемьянова (№93 мектеп-гимназиясы, Қарағанды қ.), Лариса Гилева («А-Status» мектебі, Тараз қ.); 3-ші орын – Қамажай Байсымақова (№14 мектеп-гимназиясы, Кентау қ.), Аягөз Кенбейлова (№62 мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қ.), Динара Алиева (Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп- лицейі, Алматы қ).

Айта кетсек, Opiq.kz электрондық оқулықтарды Алматыкітап баспасы эстониялық AVITA компаниясымен бірлесе отырып жасады. Opiq.kz платформасында электрондық оқулықтардың негізгі мазмұнына көптеген қосымша материалдар беріледі. Мысалы:аудио, видео, графика,слайдтар беріледі. Аталған электрондық оқулықтар барлық заманауи құрылғыларға лайықталған(ноутбук,компьютер, смартфон,планшет), және де ешқандай қосымша программалық құрылғыларды қажет етпейді.2018 жылдың күзінде Opiq.kz платформасы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен тұсаукесері өткен еді.Президент өте жоғары бағалаған еді.1 қыркүйектен бастап, 6 облыстағы 12 мектепте апробация өткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, электрондық оқулықтар оқушы-мұғалім және ата-аналар үшін де тиімді.Бұл оқулықтағы тапсырмалар баланың білім деңгейіне лайықталып құруға болады.Екінші бір артықшылығы оқушы өзіне ұнаған бір тақырыпты терең зерттеуіне мүмкіндік береді.

Бұл электрондық оқулықтар көркем безендірілген, мультимедиялық қосымшаға бай, еліміздің мемлекеттік оқу стандарты мен пәндік бағдарламаларға (бастауыш және орта білім) толық сәйкес келеді.