Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектерге кеңінен тоқталды.

«Елімізде ана мен балаларға арналған әлеуметтік жүйесі қалыптасқан. Сол жүйеге сәйкес республикалық және жергілікті бюждеттен біраз көмектер қарастырылған. Сол мемлекеттің көмектері қазіргі кезде 311 миллиардтан астам қаржы 2018 жылға бөлінген болса, биылғы жылы бұл 50 миллиард теңгеге артып отыр», - деді Дәмежан Төлеубайқызы.

Мемлекеттік көмек қазіргі таңда отбасылардың 5 санатына көрсетілетінін атап өтті. 1 жасқа дейінгі балалары бар аналарға, көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға, сонымен қатар, асыраушысынан айырылған және балаларды қамқорлыққа алған отбасыларға беріледі.