Қазгидромет Ұзақ мерзімге ауа райын болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мереке қарсаңындағы ауа райы болжамдарын айтты.

«Мереке қарсаңында, 30 сәуірде, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, солтүстік аймақтарда арты қарға ұласуымен жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, қысқа мерзімге жылығанымен күн қайта суытады», - деді Жұлдыз Исабекова.

Батыста түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С, солтүстік-батыс жартысында түнде -5,+5°С, күндіз +15+20°С-тан +2+10°С дейін төмендейді, қалған аймақтарда найзағаймен жаңбыр жауады, бірақ жылы ауа райы +15+25°С сақталады. Ал батыста 1-мамыр мерекелерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылынады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады. Қазақстанның шығысында екпінді жел мен қатты жауын-шашын, түнгі және таңғы сағаттарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында, жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +12+20°С.

«2 мамырдан бастап еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы, шығыс жартысында әлі де кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстікте найзағай және екпінді желмен жаңбыр сақталады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15°С болады», - деді Қазгидромет Ұзақ мерзімге ауа райын болжау басқармасының басшысы.