Политика

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХIХ съезіне елордадан 52 делегат қатысады. Бұл туралы қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде бас шаһарда Nur Otan партиясының 50 мыңнан аса мүшесі және 350 бастауыш партия ұйымы бар. «Халыққа көмек» жобасының аясында Nur Otan қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы ikomek 109 бірыңғай байланыс орталығымен бірігіп жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта бұл жүйені басқа қалаларға да енгізу жоспарланып отыр.

"Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтініші бірден біздің жүйеге

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерлету мәселелері және ұлттық экспорттық саясатты іске асыру барысы қаралды. Экспорттық әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы құрылды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы А. Әріпханов баяндады. Өз кезегінде сыртқы істер ...

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды, деп xабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнім 3,8 пайызға өсті. Әсіресе, құрылыс, сауда, тау-кен өнеркәсібі мен көлік саласының өсімі барынша байқалады.

«Негізгі көрсеткіштер бойынша бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Павлодар мен Қызылорда облыстары жақсы нәтижеге жетті. Сонымен қатар, Ақмола облысында және елордада құрылыс пен инвестициялар бойынша көрсеткіштер төмендеп к

Қазақстанда 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында елордалықтар 304 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Елордада 304 сайлау учаскесі тіркелген. Оның 239-ы қала ішінде. 65-і шетелдердегі өкілдіктерде, елшіліктер мен консулдықтарда. Шетелдегі сайлау учаскелерімен Сыртқы істер министрі айналысады. Жалпы, біздің есебіміз бойынша Нұр-Сұлтанда 600 мыңға жуық дауыс беруші болады. Бірақ, бұл нақты сан емес. Сайлау күні қарсаңында нақты қанша елордалықтың дауыс бере алатыны жайлы қосымша ақпарат береміз», - дейді Нұр-Сұлтан қ

Бүгін Ташкент қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кеңейтілген құрамдағы кездесуі өтті, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарының дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

«Біз шағын құрамдағы кездесу кезінде сабақтастықтың сақталып, мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға ...

2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға шетелдік байқаушыларды аккредиттеу басталды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Заңнамаға сәйкес байқаушыларды аккредиттеу Орталық сайлау комиссиясының арнайы қаулысы қабылданғаннан кейін бірден басталады. Бүгін аккредиттеу жұмысын бастауға болады. Шетелдік байқаушыларды аккредиттеу еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша жүзеге асырылады», - ...

«Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Мемлекет басшысының биылғы 9 маусымда ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бақытбек Смағұлдың пікірінше, бұған бірнеше себеп бар.

«Қазақстан дүниежүзіндегі ең озық дамыған отыз мемлекеттің біріне айналуға ден қойғаны мәлім. Ол үшін еліміз әлемдегі қарқынды өзгерген жағдайларға жылдам әрі ұтымды бейімделе білгені жөн. Демек, бұл қадам сайлау секілді мемлекеттік маңызды істі келер жылға дейін со

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық нұсқасын ortcom.kz жариялайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қымбатты Отандастар!

Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.

Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.

Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.

Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.

Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.

Парламенттегі пар

Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.

  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көше

ҚР Премьер-Министрі орталық және жергілікті органдарының штаттық санын және шығыстарын оңтайландыру туралы өкімін бекітті.

Бұл тапсырма бір неше кезенімен іске асыруда және жұмыс екі жылдың ішінде жүргізіледі.

«Оны қабылдаған сәттен бір айдай ғана уақыт өтті, сондықтан қазіргі біздің мақсатымыз осы бұйрықтың мазмұнын түсіндіру болып табылады. Оның жүзеге асырылуынан негізгі күтілетін нәтиже - ықшам және халыққа бағдарланған мемлекеттік аппараттың құрылысы. Бұл үшін мынадай шаралар ықпал етеді. Біріншісі - орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, сондай-ақ оларға қарайтын ұйымдарда кад

Президент поручил выделить 120 млрд тенге на развитие здравоохранения, передает ortcom.kz со ссылкой на МИА «Казинфом».

«Каждый житель страны должен быть не только образованным, но и здоровым. Нужно обеспечить доступ к качественному здравоохранению независимо от места проживания. Отечественной медицине, прежде всего, необходимо ориентироваться на профилактику и стимулирование здорового образа жизни. Расходы на службу общественного здравоохранения, первичную медико-санитарную помощь должны быть увеличены с 40% до 60% от общего объема финансирования здравоохранения. Это практика всех развит

Глава государства, председатель партии «Нұр Отан» Нурсултан Назарбаев поздравил с 20-летним юбилеем партии, передает корреспондент ortcom.kz со ссылкой на МИА «Казинформ».

«Уважаемые делегаты съезда, уважаемые гости, дорогие нұротановцы. От всей души поздравляю вас с 20-летним юбилеем партии «Нұр Отан». 1 марта 1999 года вошел в историю страны, как день создания партии. Наши партийцы, коллеги, среди них есть Сергей Терещенко, они участвовали в создании нашей партии «Отан», - сказал Нурсултан Назарбаев на очередном XVIII Съезде партии «Нұр Отан».

Президент подчеркнул, что с высоты истории, эт

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі жұмысын бастады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Съезд күн тәртібінде бірнеше мәселені қарастыру көзделген. Атап айтқанда, алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалады. Одан кейін партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары шығарылады. Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің ж

Жұмыссыздық, баспана, жастарды қолдау аясындағы проблемалар басты назарға шығарылады. Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жәнібек Арыновтың пікірі осындай, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

"Үкіметтің кешегі таратылуы күтпеген оқиға болады деуге келмейді. Өйткені бұған дейін де президент тарапынан, халықтың тарапынан кешегі үкіметтің жұмысына көптеген сыни көзқарастар айтылған болатын. Естеріңізде болса, 30-қаңтарда өткен кеңейтілген отырыс барысында президент тарапынан өте үлкен сын айтылды. Әлеуметтік-экономикалық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлықтың мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкім