«Қазпошта» АҚ және «Ренессанс Капитал» инвестициялық компаниясы AIX-тің сауда мүшелері атанды. Бұл туралы Astana finance days» халықаралық конференциясы аясында «Соңғы жарты жылдықта Astana International Exchange- де болған жаңалықтар» тақырыбына өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Astana International Exchange технологиялық платформасы биржаның және оның серіктестері үшін үлкен перспективалар аша отырып, ең заманауи талаптарға сай келеді және нарық қатысушыларының үміттерін қанағаттандырады. Біз Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды шығару және айналымға енгізу арқылы біздің клиенттерімізге қор биржасына кіруді ұсынудың толыққанды мүмкіндігіне қуаныштымыз», – деді «Ренессанс Капитал» Директорлар кеңесінің төрағасы Кристоф Шарлье.

Өз сөзінде көптеген жылдар бойы қазақстандық эмитенттерге акционерлік және борыштық капитал нарықтарындағы мәмілелерді іске асырып келе жатқандықтарын және жаһандық инвесторлар арасында өңірдің инвестициялық тартымдылығын белсенді түрде насихаттап жүргенін айтып өтті.

«Соңғы трендтерді дамытуда Қазақстандағы приватизациялау, капитал нарығын дұрыс басқара білу, капиталға қолжетімділі тәрізді маңызды мәселелер қозғалды. Шағын және орта бизнеске қажетті нұсқаулықтар берілді. Бұлардың бәрі экономиканың дамуы үшін өте қажет. Жеке инвесторлар өздерінің инвестицияларының қалай құйылатыны жайлы толық біле алады», – деді Шарлье Кристоф.

Айта кетсек, «Ренессанс Капитал» ИК – шекаралас және әлемнің дамушы өңірлеріне маманданған және Африка, Таяу Шығыс, Орталық Еуропа, Түркия, Азия мен Грецияны қоса алғанда 50 нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететін жетекші инвестициялық банк.