2019 жылдың 4 айында республика халқы арасында оба, сібір жарасы, іш сүзегі, паратифтер, дифтерия, полиомиелит, сіреспе, трихинеллез, висцералды лейшманиоз, құтырма ауруы тіркелген жоқ. Бұл туралы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда А вирустық гепатитімен 2,8 есеге, бактериялық дизентериямен сырқаттанушылықтың 44,9% - ға, желшешекпен 32,8% - ға, энтеробиозбен 31,0% - ға, сальмонеллезбен 29,9% - ға, дерматомикозбен 16,0% - ға, тыныс алу органдарының туберкулезімен 11,3% - ға, тұмаумен 11,0% - ға, ЖРВИ 9,9% - ға төмендеді», - деді Жандарбек Бекшин.

Айтуынша, туляремия, қызамық, кене вирусты энцефалиті, паротит, безгек, тері лейшманиозы, альвеококкоз аурушаңдығының бірлі-жарым жағдайлары тіркелген.