Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлттық экономика министрлігінің макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов аағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен бөлісті.

«Салалар бөлінісінде инвестициялардың едәуір өсуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде 88,8%, 34,5 млрд. теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында 62,7%, 191, 3 млрд. теңгеге дейін, құрылыста 54,7%, 52,9 млрд.теңгеге дейін, өнер, ойын-сауық және демалыста 27,7%, 54,5 млрд. теңгеге дейін, өнеркәсіпте 19,7%, 3 397, 1 млрд. теңгеге дейін және жылжымайтын мүлік операцияларында 13,6%, 723,7 млрд. тенге байқалады»,- деді Асқар Жаппарқұлов.

Қазақстандық экономикадағы өсу динамикасы құрылыста 11,1%-ке, саудада 7,5%-ке, көлік саласында 5,3%-ке, ауыл шаруашылығында 3,8%-ке, өнеркәсіпте 2,6%-ке және байланыста 1,7%-ке өсудің оң серпінінен қамтамасыз етілгенін де айтып өтті.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы жылғы 6 айдың қортындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі шығарылымының 2,1%-ке дейін ұлғаюуына байланысты 2,6%-ке өскен. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1,6% - тен 3,4% - ке дейін жеделдеді.