Салық берешегінің ең көп сомасы көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге», - деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Айтуынша, салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% немесе 14,4 млрд теңге көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.

Ал жер салығы бойынша берешекке 12% немесе 2,5 млрд теңге, мүлік салығына 6,7% немесе 1,4 млрд теңге тиесілі.

«Борышкерлердің басым бөлігі-жеке тұлғалар Шымкент қаласында шамамен 148 мың, 139 мың Түркістан облысында, 116 мың Жамбыл облысында және 114 мың Нұр-сұлтан қаласында тіркелген. Өңірлер бөлінісінде салық берешегінің ең көп сомасы Алматы қаласында – 5,5 млрд теңге, Нұрсұлтан және Маңғыстау облысында 2 млрд теңгеден, Шымкент қаласында 1,6 млрд теңге»,- деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы Министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітілу кезеңінен өтуде.