Облыс әкімдерінің және өңірдің барлық құрылымдарының тікелей қатысуымен ауыр салмақты автокөлік құралдарын пайдалануға жол бермеу мәселесі бойынша Қызылорда, Атырау және Павлодар облыстарында бірлескен жұмыстың тәжірибесі бар және оң шешім табуда.

«Ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қарқындылығы тікелей автомобиль жолының беріктігіне, жол жамылғысы монолиттілігінің бұзылуына, жолдың шөгуіне, ойылуына, пластикалық деформациялардың пайда болуына және автомобиль жолының мерзімінен бұрын тозуына алып келеді», - деп хабарлады «ҚазжолҒЗИ» АҚ Президенті Бағдат Телтаев.

Қазіргі уақытта 400 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Олардың ішінде 55 мың өзі аударатын көлік құралы, яғни кеніштерде пайдаланатын көліктер.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Президенті Автомобиль жолдарын сақтау жөніндегі міндеттерді шешу үшін облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің және полиция департаменттерінің атсалысуы және белсенді қолдаулары қажет екендігін де атап өтті.

Бұдан бөлек, жолдарда бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бүгінгі таңда жергілікті жерлердегі көлікті бақылау инспекциялары ауыр жүк тасымалдаушыларды бақылау бойынша бірлескен Жол картасын әзірледі, онда тиісті шаралар көзделген.

Көлік комитеті инспектордың құқық бұзушылармен байланысын болдырмау мақсатында қашықтықтан бақылау формасына ауысып, ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды толық автоматтандыру бойынша шараларын қарастыруда. Пилоттық жобаны биыл жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.