ҚР Ішкі істер министрлігі шетелден келген автокөліктерді уақытша тіркеуді енгізу мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«3 шілде күні өткізілген дөңгелек үстелде автокөліктерді уақытша тіркеу мәселелесі қарастырылды. Шетелден келген автокөліктерді уақытша тіркеу онлайн түрде, 24 сағатта, тегін жүргізу қарастырылып отыр. Осы мәселелер оң шешімін тапса, біз осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз», - деді ҚР ІІМ Полиция аға инспекторы Ақтоты Боранова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Сонымен қатар, шетелдік көліктерді не себепті тіркеуге алынатынын да түсіндіріп өтті.

«Қазіргі таңда біздің республика көлемінде ешқандай мемлекеттік органда шетелдік автокөліктерді айдайтын жүргізушілер жөнінде толық мәліметтер мен нақты деректер жоқ. Сондықтан, уақытша тіркеу тек жолдағы қауіпсіздікті емес, жалпы полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқаруға септігін тигізеді деп сенеміз»,- деді Ақтоты Боранова.