Общество

ХІІ Астана экономикалық форумы барысында «Ақылды қалалар – цифрлық экономиканың негізі» тақырыбында өткен баспасөз маслихаты өтті.

«Форум бағдарламасынан ауыл шаруашылығындағы өндірісте цифрлық даму бар екенін көріп отырмыз. Бірақ қалалар көбінесе болжанбайтын көптеген іс-шаралардың өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан, қалалық өзгерістер тақырыбына цифрлық түрлендіру өте маңызды. Мұнда қалалық өмірге жаңа баға берілетін болады», - деді Ішкі нарық, ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Еуразия экономикалық комиссиясы министрінің көмекшісі Александр Петров.

Айтуынша,...

Биылғы он екінші рет өтіп отырған экономикалық форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысады. Форум аясында екі күннің ішінде 50- ден астам сессия мен іс-шара өтеді.

Астана экономикалық форумы биылығы жылы «Шабыттандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.

«Астана экономикалық форумы көптеген жылдар бойы жаһандық мәселелерді шешуге және оларды шешу жолдарын табуға арналған тиімді алаңға айналды. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі ХІІ-ші форумның тақырыбы «Шабыттандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар»деп аталды. Осы жыл

«Анашым, біз үйдеміз» жобасы аясында 20 көпбалалы отбасының пәтеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын. Осы орайда «31 арнамен» бірігіп, «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын жаңа жобаны көрерменге ұсынғалы отырмыз. Пәтерді жөндеу - қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін маңызды. Отандық телеөнім арқылы осы мәселенің шешімін табамыз деген ойдамыз. Пәтерлер мен үйлері толық жаңартылады. Бұл жобаның кейіпкерлерімен де көрермен жан-жақты танысады», - деді Қ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «31 арнаның» бірлесуімен жүзеге асырылып отырған «Анашым, біз үйдеміз» жобасында көпбалалы отбасылылардың баспаналарына тегін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Көпбалалы отбасының күнделікті тұрмысында өзекті мәселелер жетерлік. Олардың көбі баспана мәселесіне қатысты. Біз «Анашым, біз үйдеміз» жобасы көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі интерьерді жаңартып қана қоймай, шаңырақтарына шаттық сыйлайды деп сенеміз. Әрбір серия – жеке шығарылым, бүтін бір отбасының жеке тарихы», – деп атап өтті «31 арнаның» бас директоры Юрий Бродский.

Жобаға ауқымы шама

Ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші онкүндігінде 1 энергоблок, 9 қазандық және 12 турбина жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Сұңғат Есімханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«Әр түрлі жөндеу сатыларында 6 энергоблокта, 20 қазандық пен 7 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2019-2020 жж.күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін энергия кәсіпорындары жалпы ұзындығы 25 426,572 км электр беру желілерін және 4 776 қосалқы стан

«Еуроодақ – Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» атты кәсіби халықаралық байқауының нәтижиесінде қазақстандық үш журналист Брюссель және Бішкек қалаларында тағылымдамадан өтуге жолдама алды.

«Байқаудың нәтижесінде Еуропалық Одақ және Қазақстан ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде БАҚ өкілдерінен 47 жұмыс қабылданды. Олардың ішінен байқау ережелері бойынша барлық талаптарға сай 26 өтінім іріктелді. Оның ішінде теледидар, баспа, радио материалдары болды. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша үш жеңімпаз Брюссель және Бішкек қалаларында тағ

Халықаралық тағылымдама байқауына келіп түскен 47 жұмыстың ішінен 3 жеңімпаз және 5 үміткердің еңбегі анықталды.

«Бұл байқау екінші жыл өткізіліп отыр. Бүкіл Қазақстанның журналистеріне үлкен мүмкіншілік. Биылғы жылы 47 жұмыс келді. Олардың ішіндегі ең үздік жұмыстарды таңдау қазылар алқасына да қиын болды. Өйткені, барлығының да деңгейлері, сапасы өте жоғары», - деді «БК «Қазмедиа орталығы» ЖШС-ның БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы Махаббат Есен.

«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Алена Горбачева, "Время" газетінің тілшісі Тоғжан Ғани, «Atameken Business» телеарнасының

Қазақстан үш айда 13 млрд доллардың тауарын экспорттады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 13,3 млрд доллар болды», - деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсімі 19,8 пайызға жеткен.

«Импорт 2,7 пайызға төмендей отырып, 7 млрд долларды құрады», - деді ол

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтінімдер келесі қатысушылардан қабылданды:

  • қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерінен;

  • республикалық бюджет немесе жергі

12-мамырда «Арал 2019» экспедиция құрамы Нұр-Сұлтан қаласынан Арал теңізі бағытына қарай жолға шықты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Республикалық қоғамдық бірлестік пен Назарбаев Университеті мамандары бірлесіп Солтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырмақ.

17 күнге жоспарланған сапар Арал теңізінің Қазақстан аумағы бойынша 4000 шақырымын қамтиды. 2019 жылдың 12 - 28 мамыры аралығында саяхатшылар келесі бағыт бойынша жол жүреді: Нұр-Сұлтан - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Шалқар - Бегімбет - Бозой - Оңтүстік нүктесі - Чернышев шығанағы - Құланды -...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді» делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ, Президент тыл еңбеккерлерін де осынау мерекесімен құттықтап, тілек білдірді.

«Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. С

ҚР Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы барысында президенттікке кандидаттарды тіркеу неліктен мерзімінен бұрын аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау туралы мәліметтерді екі күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынуы мерзімдерін қысқарту, қол қою парақтарын беру мерзімдерін екі күнге дейін, сондай-ақ аймақтық сайлау учаскелерінің қол қою парақтарын тексеру мерзімдерін 5 күнге дейін қысқарту туралы ОСК қабылдаған бірқатар шешімдері кандидаттарды тіркеу кезеңін мерзімінен б

Биыл пітір садақаның мөлшері жан басына шаққанда 300 теңге болып бекітілді. Қалталы азаматтар құрманың немесе ұнның бағасымен беруіне болады, деп мәлімдеді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми өкілі.

«Жыл сайын Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылатын арнайы қайырымдылық акциялары бар. «Мұқтаждың мұңын бөліс!», «Мейірімділік мекені», «Жақсылықта жарысайық» атты акциялардың аясында пітір садақадан түскен қаражатты комиссияның шешімімен көп балалы отбасыларға, жартылай жетімдерге, тұл жетімдерге, қараусыз қалған қарияларға, асыраушысы жоқ жас балаларға арнайы береміз. Сонымен қатар,...

Қала әкімшілігінің қолдауымен тарауих намаздарынан соң тегін қатынайтын автобустар көпшілікке қызмет көрсетпек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Биылғы жоспар бойынша, барлық 10 мешітте тарауих намаздары алдында оқылатын сүре тәпсірі айтылып, жамағаттың діни сауатын арттыра түсу көзделіп отыр. Қала әкімшілігінің қолдауы арқасында тарауих намаздарынан соң тегін қатынайтын автобустарда биылғы жылы жамағаттың алғысына бөленетін болады», - деді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы.

Айтуынша, қасиетті Рамазан а

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының аумақтары Қазақстандағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары болып отыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«2018 жылы республика халқы арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының 18 жағдайы тіркелді, оның ішінде 5 жағдай Түркістан облысында, 9-ы Жамбыл облысында және 4-уі Қызылорда облысында. 18 жағдайдың 4-уі өліммен аяқталды, оның ішінде 1-еуден Жамбыл, Қызылорда облыстарында жән