Қазақстанға келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Ең бірінші, мемлекет тарапынан Қазақстанды жан-жаққа жарнамалау керек. Туристер келген сайын инфраструктура да жақсарады, қызмет көрсету сапасы да артады. Ендігі мәселе – маркетинг. Ешқашан ешбір мемлекетте бірден барлығы жақсы бола қойған жоқ. Біздің үмітіміз үлкен. Себебі, кәсіпкер ретінде айтарым, үкімет біздің ұсныстарымызды тыңдап, қолдап жатыр. Әлі де келіспеушілік мәселелер бар. Туризм деген әрдайым қозғалыстағы нәрсе», - деді Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының басшысы Ая ҚҰСАИНОВА.

Визаларды жеңілтету беру мәселесіне де тоқталып өтті.

«Биыл визаларды жеңілдетті. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласының өзінен саяхатшыларлдың көбейгенін байқауға болады», - деді ол.