Түркістан облысы, Келес ауданындағы полиция жанынан халықтық кеңсе ашылды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін дәл осындай кеңсі үш ай бұрын облыстық Полиция департаментінің жанынан ашылған болатын. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тиімділігін, кері байланыс жасау мүмкіндігін беріп, нәтижесін көрсетті. Құқық қорғау органы басшылығы осы бастаманы одан әрі дамытып, іске асыру мақсатында өңір бойынша алғаш рет жаңадан құрылған Келес ауданында ашып отыр.

Аталған нысан толығымен компьютерлік техникалармен және жиһаздармен, қазіргі заманның талабына сәйкес жабдықталған. Онда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, бейнебақылау жүйесі тартылған. Мұнда Келес ауданының 150 мыңға жуық тұрғыны өз мәселелерін шешіп, мамандардан түсіндірмелер мен кеңестерін ала алады.

Қабылданған арыздар бойынша жауаптар беріліп, уақытылы шешімін табатын болады. Азаматтар тарапынан қойылған арыз-сауалдарған аудандық ПД-нен бастап, жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен анықтаушылар, тергеушілер және көші-қон қызметі тобының мамандары жауап беретін болады.