Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесіне ЕуроОдақ, АҚШ, Малазия, Сингапурда пайдаланылатын форматтар ұсынылды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Ұлттық кеңеске үш бағытта жұмыс істеуді ұсынамыз. Бірінші, азаматтардың шағымдары мен сауалдарының бір жүйесін нақты жасау. Яғни, кез-келген мемлекеттік органдарға түсетін барлық азаматтардың шағымдарын жинақтап, талдау керек», - деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина.

Сондай-ақ, екінші формат ретінде жұмыс топтары мен жұмыс органы азаматтық жүйе сияқты жаңа техенологияларды пайдалануды ұсыныды.

«Үшінші формат- әлеуметтік желілер арқылы интерактивтік диалог құру. Осы үш форматқа назар аудару қажет»,- деді ол.