Top.Mail.Ru

Биыл мемлекет бюджетінің шеңберінде 150-ден астам мектеп салынып жатыр. Бұл мектептердің көбісі биыл іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні өкінішке орай, елімізде 128 үш ауысымды және 31 апатты жағдайдағы мектеп бар. Олар бойынша жұмыстар жасалып жатыр»,- деді министр.

Айтуынша, үш ауысымды мектептердің көбеюіне кезде туу көрсеткіші жоғарылауы мен ауылдардан қалаға көшіп келудің көбеюі әсер етуде.

Өз сөзінде бұл мәселені шешу жолдарына да тоқталып өтті.

«Біріншіден, бюджет тарапынан ары қарай мектептерді салу керек. Ол бойынша бүгін мемлекет басшысы тапсырма берді. Екіншіден, жекеменшік мектептер салу мәселесі маңызды болып тұр. Балабақша салу мәселесінде де жекеменшік секторды тартқан болатынбыз. Сондықтан, жекеменшік әріптестіктің арқасында өте қысқа уақыттың ішінде үлкен қамту жұмысын бітірдік», - деді Аймахамбетов.

Сонымен қатар, қазірдің өзінде жан басына қаржыландыру методикасын енгізудің арқасында 1 жыл ішінде 50 шақты мектеп іске қосылады деп қарастырылуда.

«Үшінші мәселе - мектептердің апаттылығын болдырмау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу. Күрделі жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізетін болсақ, апаттық жағдайға жеткізбейміз»,- деді ол.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!