24 сәуірде ЮНИСЕФ пен оның серіктестері ата-аналардың және әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардарлығың арттыру мақсатында жаңа жаһандық науқанды бастайды.

«Жыл сайын вакциналар 3 миллионға дейін өмірді сақтап қалуда. Осылайша, вакциналар балалар өліміне қарсы күресте ең көп үлес қосуда. Вакциналар балаларды қызылша, пневмония, тырысқақ және дифтерия сияқты қауіпті, өлімге алып келетін жұқпалы аурулардан қорғайды», - деді Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Юрий Викторович Оксамитный.

Вакцинацияның негізгі қатысушысы, серіктесі және қорғаушысы ретінде ЮНИСЕФ әлемдегі балалардың шамамен жартысын (45%) вакциналармен жабдықтайды. ЮНИСЕФ қауіпсіз және тиімді вакциналарды, оның ішінде жеткізуді басқару, сұраныстың қалыптасуы мен денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін техникалық сараптаманы қамтамасыз етеді.

«Вакциналардың барлық артықшылықтарына қарамастан, 2017 жылы әлемде шамамен 1,5 млн бала вакцинамен алдын алуға болатын аурулардан қайтыс болды», - деп атап өтті Юрий Викторович.

Оның айтуынша бұл көбінесе ата-аналар балаларын иммунизациялаудан өткізуді кейінге қалдыруынан және бас тартуының салдары.

«Бізді бұл жағдай алаңдататқандықтан 24 сәуірде ЮНИСЕФ пен оның серіктестері - Вакциналар мен иммундау бойынша Дүниежүзілік Альянс (Gavi), Вакциналар Альянсы және ДДСҰ - ата-аналардың және әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардарлығың арттыру мақсатында жаңа жаһандық науқанды бастайды», - деді ол.

Науқан 24-30 сәуір аралығында Дүниежүзілік иммундау апталығымен қатар өткізіледі. Шараның басты мақсаты - бірлесіп жұмыс жасау арқылы қоғамның әрбір мүшесін вакцинамен қорғауға болатындығы жайлы халықты ақпараттандыру.