Top.Mail.Ru

Президенттік жастар кадр резервін құру мемлекеттік мақсаттарды шешу үшін жаңа жас басқарушылардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтарда іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды», - деді ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова.

Айтуынша, резиденттік жастар кадр резерві жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт болады.

Сондай-ақ, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қағидалары мен тәртібі Президент Жарлығымен реттелген.

«Ашықтықты қамтамасыз ету үшін азаматтар іріктеуге қатысушылардың ақпараттарын көре алады. Яғни, азаматтарымыз іріктеуге кім қатысқанын біледі. Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін біз автоматтандырылған жүйеде және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімін жариялаймыз», - деп Орталық коммуникациялар қызметде өткен брифингте Анар Жаилғанова атап өтті.

Өз сөзінде іріктеудің барлық кезеңдері резервшілер туралы толық ақпарат жинап, олардың қабілеттерін және ең бастысы – олардың әлеуетін көруге мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Айта кетсек, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуден өткен азаматтар жоғары басқару лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Іріктеудің барлық кезеңдерін сәтті өткен Президенттік жастар кадр резервінің қатысушылары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қысқа мерзімді оқу бағдарламары бойынша оқытылады.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!