Сыртқы істер вице-министрі Қытай елінен Қазақстанға 55 зауыт көшірілетіні туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың нүктесін қойды, деп хабарлайды ortcom.kz.

«55 зауыт деген бағдарлама да жоқ. Кезінде естігенім: блогерлар немесе ватсаптағы роликтерде 55 ескі зауыт деген әңгіме бар екен. Ресми түрде айтарымыз – ондай бағдарлама жоқ, ескі зауыттарды ешкім әкелмейді. Барлық жобаларды өзіміз таңдап, тиісті мемлекеттік сараптамадан өткіземіз. Ол жобаларды жекеменшік кәсіпкерлер атқарады. Ескі заттарды ешкім алмайды. Біздің елге әкелмейді. Егер ондай ой болса, біздің комиссия әрине, оған тыйым салады. Тізімдегі 55 жоба деген – ол зауыттарға жатпайды. Жылына екі рет қытайлармен комиссия отырысын өткіземіз. Әр жобаның тиісті жағдайы, қандай қиындықтары бар – талқылаймыз. Ескі зауыттар жоқ», - деді Ермек Көшербаев.

Ол өз сөзінде Қытайдың елімізде инвесторлардың тізіміндегі бірінші мемлекет емес екендігін де айтып өтті.

"Өздеріңіз білетіндей, ең бірінші орындарда Нидерланды (егемендік алғалы бері 87 млрд доллар инвестиция тартылған) тұр. Екінші орында АҚШ (37 млрд доллар), одан кейін Швейцария (23 млрд доллар), Қытай (17 млрд доллар), Франция (15 млрд) орналасқан", - деп атап өтті.

Сонымен қатар,Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасында бірлескен комиссия бар екендігін де тілге тиек етті.

"Сол комиссия бойынша ынтымақтастық жөнінде біріккен бағдарламаны құрғанбыз. Осындай бағдарламаны басқа елдермен де дайындадық. Бүкіл әлемде сауда соғыстары жүріп, санкциялар көбейіп кетті. Мұндай жағдайда инвесторлар тыныштық іздейді. Олар әрине, қауіпті жерге барып ақшасын салмайды. Тиісті жағдай ұйымдастыратын елдерге барып инвестицияларын салады. Біздің алдымыздағы мақсат – Қазақстанда осындай жағдай жасап, инвестиция тарту жұмысын ары қарай жалғастыру», - деді Ермек Көшербаев.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев:

"Казахстан уже в ближайшем будущем может стать одним из наиболее привлекательных мест для зарубежных и отечественных туристов, а также одним из мировых центров этнотуризма. Необходимо обеспечить информационную доступность туристического потенциала Казахстана с помощью креативных и инновационных решений"

Министр информации и общественного развития Даурен Абаев:

"Наша страна - молодое государство на карте мира. Наш народ имеет глубокую историю полную как славных, так и трагических страниц. На этой земле создавались и рушились кочевые империи. Наша культура берет корни на скальных рисунках Тамгалы и в зверином стиле сакских племен. Живут в мире и согласии представители свыше 100 этносов самых разных конфессий и религий. Уверен, что участники нашего форума, посетившие самые разные регионы страны смогли в этом убедиться. Мы хотим, чтобы туристы со всего мира смогли оценить красоту казахской земли"

250 школ и около 200 больниц в отдаленных сельских населенных пунктах подключили к высокоскоростному Интернету

2 млн 30 тысяч заявлений по регистрации недвижимости зарегистрировано в РК за год