Top.Mail.Ru

Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау қаласы аумағындағы Жайық өзенінде балықтың қырылу фактісі бойынша ведомствоаралық комиссияның жүргізілген жұмыстар туралы Атырау қаласынан бейнебайланыс арқылы баспасөз-конференциясы өтті.

«Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына байланысты арнайы ведомоствалық комиссия құрылған. Біз осы комиссияның бірнеше отырысын өткіздік. Қазір күн жылынып, Жайық өзенінің мұзы еріп жатыр. Сондықтан өлген балықтар жағалауға және су бетіне шығып жатыр. Осы мән жайды өз көзімізбен көру үшін арнайы келдік. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында өзеннің түбінде өлген балықтар бар деген ақпарттар тарады. Соны анықтау үшін біз бүгін арнайы видеоқұрылғылармен барып өзеннің түбін видео түсірілім жасадық. Нәтижиесінде өзеннің түбінде өліп жатқан балықтар болған жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің Вице-министрі Сәбит Нұрлыбайұлы.

Сонымен қатар, судың құрамын, сапасын тексеру үшін арнайы тексерістер жүргізіп, өлген балықтардан да экпертиза жасалып жатыр.

«Біз сонымен бірге «Амангелді» балық шаруашылығына барып қайттық. Олар бірнеше күннен бері балық аулап жатыр екен. Аулап жатқан балығын көрсек, тірі. Әрине, тормен ауланған балықтың ішінде өлісі де бар. Өзеннің жағалауында балықшылармен де сөйлестік. Олар балықтың барын айтып отыр», - деп атап өтті Сәбит Нұрлыбай.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!