Top.Mail.Ru

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жаңа Экологиялық кодекс туралы айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Халықаралық стандарттарды ескере отырып, жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Казіргі уақытта жоба жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен белсенді талқылаудың кезеңінен өтуде. Үздік халықаралық тәжірибе ескерілді», - деді Ж.Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, «Ластаушы төлейді» қағидаты бойынша жоғары ақшалай өтемақы өндіріп алуға негізделген қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілетін болады.

«Жаңа экокодексті Парламентке ағымдағы жылдың желтоқсан айында енгізу жоспарланып отыр», - деп нақтылады Үкімет басшысының орынбасары.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!