1 шілдеден бастап тіркеу-емтихандар Ішкі істер министрлігінің қабылдау бөлінісін жойылады. Ол қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүктеледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз хабарлады.

«Мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен кеңесте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап тіркеу-емтихан қабылдау бөлінісін жойып, оның функцияларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру туралы шешім қабылданды», - деді ол.

Қазіргі уақытта мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлікті тіркеу, құжаттар мен мемлекеттік нөмір белгілерін беру бойынша құжат қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.

Нұрділда Ораздың айтуынша, полиция қызметкерлері өз кезегінде Жол ережесін білуін тексеру үшін теориялық және практикалық тұрғыдан емтихан қабылдап, адамдар мен көлікті іздеу базасы бойынша тексеруден өткізіп, құжаттардың дұрыстығын тексереді.