Республикада менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Бұл туралы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтты.

«2019 жылдың басынан бері менингококк жұқпасының 22 расталған жағдайы тіркелді, 2018 жылдың осы кезеңінде 60 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта 5 науқас стационарлық емделуде. Сондай-ақ, менингококкты инфекцияға күдікті стационарларда 2 науқас бар. Науқастардың жағдайы тұрақты ауыр», - Жандарбек Бекшин.

Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың көпжылдық орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1 құрайды, бұл ретте қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,1 құрайды.

«Менингококк инфекциясы өзінің антиген құрылымы бойынша АВС, X, Y, Z, W-135 және басқалар сияқты ондаған серотоптарға ие. Қазақстанда А, В, С, W-135 түрлерінің айналымы байқалады», - деп атап өтті.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша штаб құрылған болатын, ол жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданатын іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады.