Екпеден бас тартушылар ішінде жеке сенімі бойынша 51% адам, діни себептер бойынша 32%, вакциналарға сенімсіздікті 10 % адам білдірді, БАҚ арқылы жағымсыз ақпарат бойынша 6% адам қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан.

«Биылғы жылы 5847 қызылша жағдайы тіркелді, оның 60,7%-ы егілмеген адамдар (3553 адам), оның ішінде 569 адам бас тартуына байланысты», - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

2018 жылы республикада профилактикалық егулерден бас тартудың 5750 жағдайы тіркелген.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 2018 жылы вакцинациядан бас тартқан адамдар арасында жүргізілген жұмыстардың арқасында 3107 адам вакцинаға қатысты көзқарасын өзгерткен.

«Профилактикалық егулерден бас тарта отырып, ата-аналар баланы инфекциядан және оның салдарларынан қорғану құқығын айыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет», - деді ол.